Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Балтық жағалауы елдері есірткі тасымалына қарсы тұру саласындағы ынтымақтастықты дамытпақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Балтық жағалауы елдері есірткі тасымалына қарсы тұру саласындағы ынтымақтастықты дамытпақшы

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Балтық жағалауы елдері есірткі тасымалына қарсы тұру саласындағы ынтымақтастықты дамытпақшы

Мәскеу. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Балтық теңізі мемлекеттерінің кеңесі есірткі тасымалына қарсы тұру, заңсыз көші-қон, сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою саласындағы ынтымақтастықты дамытпақшы. Бұл шешім Балтық теңізі мемлекеттерінің кеңесіне мүше елдердің жеке өкілдері тобының отрысында қабылданды. Бұл жөнінде агенттікке Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы хатшылығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Желтоқсан 2007
  • 843
Фото - Caravan.kz

«Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Балтық теңізі мемлекеттерінің кеңесінің ықпалдастығын бірнеше бағытта ұйымдастыру межеленген. Біріншісі — Ауғанстаннан Балтық өңірі елдеріне есірткі тасымалы мен Еуропадан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер арқылы Ауғанстанға синтетикалық есірткі тасымалына қарсы тұру», -деді Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы хатшылығының қауіп-қатерлерге қарсы тұру басқармасының басшысы Вячеслав Волох.

Оның айтуынша, бұл жобаға Польша, Швеция, Литва, Эстония мен Латвия қызығушылық танытқан. Соңғы үш ел Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының «Арна-2007» атты халықаралық есірткіге қарсы операциясына қатысқан.

«Екінші бағыт — заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы күрес. Үшіншісі — қылмыспен күрес. Төртіншісі — экологиялық қылмыстарға қарсы күрес, соның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Балтық теңізі мемлекеттерінің кеңесіне мүше елдердің төтенше жағдайларға кешенді жауап қату жүйелерінің ықпалдастығы», — деді В. Волох.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті