Қазалыда құрт ауруына қарсы диспансерінің құрылысы аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазалыда құрт ауруына қарсы диспансерінің құрылысы аяқталды

Қазалыда құрт ауруына қарсы диспансерінің құрылысы аяқталды

Қызылорда. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазалыда 800 млн теңге жұмсалған құрт ауруына қарсы жаңа диспансерінің құрылысына аяқталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Желтоқсан 2007
  • 665
Фото - Caravan.kz

«Үш қабатты жаңа ғимаратта емдеу мен зерттеулер жасау үшін барлық жағдай жасалған. Бірінші қабатында флюрография, рентген, бактериологиялық зертхана кабинеттері орналастырылған. Біз бүгінгі заманның емдеу тәсілін қолдануға байланысты екінші қабатта компьютерлік орталық орнаттық», — деп хабарлады диспансердің бас дәрігері Құлпыбай Ысқақов.

Оның ақпараты бойынша, 100 орынға арналған стационарда барлық палаталар 2-3 орынды. Сонымен бірге, диспансер бөліміне күніне 50 адам келіп емделетін болады.

«Біздің аурухана Италия, Германии, Жапонии, Ресей елдерінің медициналық құрал- жабдықтарымен жабдықталған» — деді Қ. Ысқақов.

«Биыл Қызылорды облысында жаңадан медициналық ғимараттарға қоныстанып жатқан мекемелер жетерлік. Желтоқсанда Жалағаш аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің нысаны пайдаланылуға тапсырылды. Апатты жағдайда тұрған ғимараттың орнына салынған жаңа нысанда ауруларға арналған жеке бокстер бар. Сондай-ақ, Арал ауданындағы ең шалғайда жатқан Жақсықылыш ауылында 25 орынды, ал Қандоз ауылында 20 орынға арналған ауруханалар тапсырылды. Бұл әзірге тек бірінші бастамалар «, — деп мәлімдеді Қызылорда облысының әкімі Мұхтар-Құлмұхаммед жуырда өткен облыс мәслихатының сессиясында.

Облыс басшысының айтуынша, алдағы жылы денсаулық сақтау саласында 30-ға тарта ғимарат құрылысы басталады. Қызылордада 200 орынды қалалық нәресте орталығы, 300 орынды қалалық аурухана, Қармақшы ауданында 500 адамға лайықты емхана және шалғайдағы ауылдарда 22 медициналық пунктінің салынуы жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті