Шымкентте студенттер қоғамдық жол көліктерімен жүру үшін өтемақы алатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте студенттер қоғамдық жол көліктерімен жүру үшін өтемақы алатын болады

Шымкентте студенттер қоғамдық жол көліктерімен жүру үшін өтемақы алатын болады

Шымкент. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте жаңа жылдан бастап студенттер қалалық қоғамдық көліктерде жүру үшін өтем ақы алатын болады, деп хабарлады агенттікке Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

  • 19 Желтоқсан 2007
  • 521
Фото - Caravan.kz

«Жаңа жылдан бастап студенттерге жол жүру өтемақысы төленеді. Бұл мәселе шешілді, тиісті 129 млн теңге қаржы бөлінді», — деп атап өтті әкімдіктегілер.

Қаржы облыстық бюджеттен қала бюджетіне аударылады. Ол ай сайын студенттердің жеке есепшотына ақшалай аударылып отырылады, деп хабарлады баспасөз қызметі. Өтемақы мөлшері белгіленіп жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, студенттер үшін жеңілдіктер былтырғы жылы енгізіліп, тек жарты жылға ғана ұзартылған болатын. Жол жүру жеңілдіктерінің алынып тасталғанына орай, жаңа оқу жылының басында студенттер наразылықтарын білдірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті