ЕҚЫҰ 2008 жылы Әзербайжанда өтетін президент сайлауына мониторинг жүргізу үшін бақылаушыларды жібереді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ 2008 жылы Әзербайжанда өтетін президент сайлауына мониторинг жүргізу үшін бақылаушыларды жібереді

ЕҚЫҰ 2008 жылы Әзербайжанда өтетін президент сайлауына мониторинг жүргізу үшін бақылаушыларды жібереді

Баку. 19-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ЕҚЫҰ 2008 жылы Әзербайжанда өтетін президент сайлауына мониторинг жүргізу үшін бақылаушыларды жібереді. Бұл туралы ұйымның Бакудегі кеңсесінің бастығы Хосе Луис Эрреро Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панаховпен кездесу барасында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 19 Желтоқсан 2007
  • 326
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында М. Панахов елде 2008 жылы президент сайлауын өткізуге дайындық жұмыстары аясында 100 округтік сайлау комиссиясына арналған жеке ғимарат салынып, қалған округтік комиссия ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде, олардың барлығы қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталуда, деп атап өтті.

Ол сондай-ақ, 2008 жылдың қаңтарынан бастап президент сайлауына дайындық жұмыстарының белсенді түрде жүргізілетіндігін хабарлады.

«Х. Эрреро өз кезегінде, ЕҚЫҰ президент сайлауы кезінде Әзербайжанның әртүрлі мемлекеттік құрылымдарымен, соның ішінде Орталық сайлау комиссиясымен ынтымақтасуға мүдделі екендігін атап өтті және де ЕҚЫҰ алдағы 2008 жылы өтетін президент сайлауына арнайы бақылаушылар жіберетіндігін хабарлады», — деп атап көрсетілген хабарламада.

Әзербайжанда президент сайлауы 2008 жылдың күз маусымында өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті