"Известия" газеті ай сайын басылым бетіне "ЕурАзЭҚ елдерінде" атты бір айдар шығаратын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Известия" газеті ай сайын басылым бетіне "ЕурАзЭҚ елдерінде" атты бір айдар шығаратын болады

"Известия" газеті ай сайын басылым бетіне "ЕурАзЭҚ елдерінде" атты бір айдар шығаратын болады

Мәскеу. 19-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Известия" газеті ай сайын басылым бетіне "ЕурАзЭҚ елдерінде" атты бір айдар шығаратын болады. Мұндай шешім ЕурАзЭҚ бас хатшысы Таир Мансұровтың "Известия" газетінің бас редакторы Владимир Мамонтовпен кездесуі барысында қабылданды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ЕурАзЭҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 19 Желтоқсан 2007
  • 508
Фото - Caravan.kz

«Ертеден келе жатқан «Известия» газеті Белоруссияда, Қазақстан мен Қырғызстанда, Тәжікстан мен Өзбекстанда танымал және ерекше беделге ие, ол қауымдастық елдеріндегі өмірді айқындауға белсенді атсалыса алады. Сондықтан да тараптар газет бетінде ай сайын «ЕурАзЭҚ елдерінде» атты айдардың жарық көруі туралы келісім- шарт жасады, бұл оқырмандардың қалаулысы болатындығы сөзсіз»,- деп хабарлады ЕурАзЭҚ баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жаңа бастаманың мақсаты «ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердегі халықтың қоғамдастық елдерінің арасында болып жатқан интеграциялық процесстер туралы, экономикалық серіктестіктердің келешегі мен нақты мысалдары туралы хабардар болу» жүйесін жақсартудан тұрады.

Баспасөз қызмерінің ақпараттарына сүйенсек, кездесу барысында Т. Мансұров В. Мамонтовқа үстіміздегі жылдың 6-қазанында ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырыста мемлекет басшыларының қойған міндеттерін жүзеге асыруға қатысты қоғамдастыққа мүше елдерде жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы хабарлады. Ең алдымен, Кеден одағын құру туралы, сонымен қатар Қоғамдастықтың барлық органдары мен құрылымдарының жұмыстарын пәрмендендіру, олардың іс-қызметінің нәтижелілігін көтеруге қатысты іс-шаралар туралы сөз қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті