«Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 18%-дан асып жығылады, өйткені, бүгінгі күннің өзінде ол 17,5% құрап отыр», — деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы.
Оның сөздері бойынша, биылғы жылы орта жылдық инфляция көрсеткіші жылдық көрсеткіштен төмен. «Біздегі орта жылдық инфляция деңгейі 10% сәл асады», — деп атап өтті Ә.Сәйденов.
Сонымен қатар, бас банкир 2008 жылдың инфляция болжамын айтты.
«Біздің пікірімізше, алдағы жылы инфляция төмен болды. Әрине, әлемдік нарықта әсіресе, азық-түлік бағалары айтарлықтай өзгереді деп айта алмаймыз», — деп болжамын айтты Ә. Сәйденов.
Оның сөздеріне қарағанда, азық-түліктің құны, әлемдік сарапшылардың пікірінше өсе береді, бұл азық-түліктің үлкен қоры жұмсалып отырған, биоотын өндірісі сияқты жағдайлармен байланысты.
«Баға күрт толқуларсыз көтеріле береді… Келер жылы инфляция қолайлы шеңберде болады», — деп ойын қорытты Ә. Сәйденов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті