2007 жылғы қарашада ақша базасы 0,8%-ға азайды - ҚР Ұлттық банкі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылғы қарашада ақша базасы 0,8%-ға азайды - ҚР Ұлттық банкі

2007 жылғы қарашада ақша базасы 0,8%-ға азайды - ҚР Ұлттық банкі

Алматы. 19 желтоқсан . "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің 2007 жылғы қарашада азаюы ақша базасының 0,8%-ға 1490,0 млрд. теңгеге дейін (жылдың басынан бастап 0,8% тарылу) азаюына себепші болды, деп хабарлайды агенттік ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Желтоқсан 2007
  • 386
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 0,9%-ға 1485,2 млрд. теңгеге дейін (жылдың басынан бастап 8,4%-ға кеңею) азайды.

2007 жылғы қазанда ақша массасы банк жүйесінің таза сыртқы активтерінің азаюы салдарынан 2,8%-ға 4351,8 млрд. теңгеге дейін азайды (жылдың басынан бастап 18,3%-ға өсу).

2007 жылғы қазанда айналыстағы қолма-қол ақша 6,0%-ға 724,7 млрд. теңгеге дейін (жылдың басынан бастап 20,6%-ға өсу), банк жүйесіндегі депозиттер 2,2%-ға 3627,1 млрд. теңгеге дейін (жылдың басынан бастап 17,9%-ға өсу) азайды. Нәтижесінде ақша массасы құрылымындағы депозиттер үлесі 82,8%-дан 83,3%-ға дейін өсті.

«Ақшы мультипликаторы қазанда ақша массасы қарқынының (2,8%) ақша базасының тарылу қарқынымен (12,3%) салыстырғанда азаюы салдарынан 2,61-ден 2,90-ға дейін ұлғайды»,- делінген Ұлттық банктің баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті