Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Мәскеуге барды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Мәскеуге барды

Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Мәскеуге барды

Мәскеу. 21-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше жұмыс сапарымен Мәскеуге барды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Желтоқсан 2007
  • 376
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Екі елдің басшылары кездесу барысында екі мемлекеттің стратегиялық серіктестігі және интеграциялық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды.

Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен үш жақты құжатқа — Ресей, Қазақстан мен Түркіменстанның Каспий маңы газ құбырын салуда ынтымақтасу туралы үкіметаралық келісіміне қол қойылады деп жоспарланып отыр. Оған сәйкес, Каспий теңізінің шығыс жағалауында құбыр және көлік желілерін салу басталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті