Оңтүстік Қазақстан облысында электр қуатын ауық-ауық өшіру тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында электр қуатын ауық-ауық өшіру тоқтатылды

Оңтүстік Қазақстан облысында электр қуатын ауық-ауық өшіру тоқтатылды

Шымкент. 14-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында электр қуатын ауық-ауық өшіру тоқтатылды. Бұл туралы "Энергопоток" ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің директоры Оксана Иванова мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 14 Қаңтар 2008
  • 521
Фото - Caravan.kz

О. Иванованың айтуынша, республикалық монополияға қарсы органның араласуынан кейін Жамбыл ГРЭС өндіріп отырған электр қуатының тарифын көтеру ойынан бас тартты және оны бұрынғы көлемде жіберуді қалпына келтірді.

«Монополияға қарсы мекеме Жамбыл ГРЭС басшылығын электр қуатының бағасын өткен айдың мөлшеріне дейін төмендетуге көндірді. Жаңа жылға дейін Жамбыл ГРЭС 1 кВт/сағатты 4,5 теңгемен беріп отырды. Ал 1-қаңтардан бастап біз сол мөлшерді 6,19 теңгеге сатып алуға мәжбүр болдық», — деді О. Иванова.

О. Иванованың айтуынша, тұтынушылар үшін тариф көтеру мәселесі әзірше шешілген. Тіпті ҚҚС мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты бір киловаттың бағасы 7,80 теңгеден 7,73 теңгеге дейін азайтылған.

Бұрын хабарлағанымыздай, 10-қаңтарда баспасөз мәслихатында оңтүстік қазақстандық электр компанияларының басшылықтары Оңтүстік Қазақстан облысында «3-ші Энергоорталығы» АҚ мен Жамбыл ГРЭС-терінде жабдықтаушы алдындағы электр компанияларының қарыздар болуы себепті электр қуатының өндірілуі төмендегендіктен электр қуатын ауық-ауық өшіріп отыру жөінде мәлімдеме жасаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті