ҚР премьер-министрі мемлекеттік органдардың web-сайттарын тексеріп отыруға уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР премьер-министрі мемлекеттік органдардың web-сайттарын тексеріп отыруға уәде берді

ҚР премьер-министрі мемлекеттік органдардың web-сайттарын тексеріп отыруға уәде берді

Астана. 14-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов мемлекеттік органдардың web-сайттарын тексеріп отыруға уәде берді және мемлекеттік құрылымдардың басшыларын өздерінің интернет көздерін реттеуге шақырды. Бұл туралы ол Қазақстан Рспубликасының ақпараттандыру және байланыс агенттігінің алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 14 Қаңтар 2008
  • 610
Фото - Caravan.kz

«Мен Интернетте жұмыс істеймін. Ақпарат құралдары арқылы мен өзімнің барлық әріптестеріме — министрлер мен агенттік төрағаларына ескерту жасамақпын. Мен әр алқа отырысы алдында сендердің сайттарыңды оқып жүрмін», — деді К. Мәсімов.

«Мен сіздің сайтыңызды қарап шықтым. Сіздің айтқандарыңыздың барлығы сәйкес келе бермейді», — деді ол Статистика агенттігінің төрайымы Анар Мешімбаеваға.

«Мұнымен жұмыс істеу керек. Сыртынан қарағанда сайт әдемі. Бірақ, ақпараттық жағынан, оны пайдалану жағынан алып қарағанда істейтін істер әлі көп», — деп атап көрсетті премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті