"Абай" шахтасына әлі де су жіберілуде - ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Абай" шахтасына әлі де су жіберілуде - ТЖМ

"Абай" шахтасына әлі де су жіберілуде - ТЖМ

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Абай" шахтасына әлі де су жіберілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Қаңтар 2008
  • 419
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, «14 қаңтардағы 00 сағат 15 минуттағы жағдаймен 32 К10-С вентиляциялық штрегіне су жіберу одан әрі жалғасуда ( 565 текше метр су жіберілді). «Көмір» әскерилендірілген құтқару қызметі 32 К10-С конвейерлік штрегіне барлау жүргізді. 32 К10-С конвейерлік штрегіне ПК 33+7 деңгейіне дейін су жіберілді. 32 К10-С вентиляциялық штрегіндегі газға қатысты ахуалға қашықтан бақылау жасалуда».

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 11 қаңтар күні таңертең 9 сағат 20 минутта «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның көмір департаментінің «Абай» шахтасында 32К-10С учаскесінде метан жарылды. Жарылыс кезінде шахтада 191 адам болған. Қазір 14 адам Қарағанды мен Абай ауылындағы ауруханаларда жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті