Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларының барысында қаржы полициясымен бірлесе отырып 27 жастағы жол полициясының инспектор әйелі ұсталды. Ол полиция органдарында небәрі жарты жыл ғана жұмыс істеген.
Тергеу барысы көрсеткеніндей, 10 қаңтарда инспектор бір жүргізушіні мас күйінде ұстап алған. Заң бұзушылықты жасыру және оны сотқа жібермеу үшін жол полициясының әйел қызметкері 20 мың теңге талап еткен. Параны алып жатқан сәтте ол қолға түсті.
Қазір жол полиициясының инспекторы тергеу абақтысына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 311 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оған әкімшілік шара қолданбау үшін пара алды деген айып тағылуда. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осы жылғы көктемде Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің басшылығы алғаш рет жол полициясы ротасына әйелдердің қабылданғанын жария еткен болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті