Қырғызстанда бір жетекші банк консервацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда бір жетекші банк консервацияланды

Қырғызстанда бір жетекші банк консервацияланды

Бішкек. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Ұлттық банкі осындағы жетекші банкке жататын "Кыргызпромстройбанк"ААҚ-ын консервациялады, деп хабарладйы агенттік Қырғызстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Қаңтар 2008
  • 457
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, банкті консервациялауға Қырғызстанрның Әлеуметтік қорының сотқа шағымдануы себеп болған. Әлеуметтік қор өкілдері соттар мен Ұлттық банкке «Кыргызпромстройбанк» ААҚ 1 млрд сомға жуық қаржыны қайтара алмауына байланысты шағым түсіорген. Ал Әлеуметтік қор көп жылдан бері «Кыргызпромстройбанк» ААҚ-ның клиенті болып табылады. Бұл қаржы халықтық әлеуметтік жағынан аз қорғалған бөлігіне әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы төлеуге арналады.

«Консервациялау режимін енгізудегі мақсат салымшылар мен кредиторлардың мүддесіне сай, сондай-ақ, банк секторын жүйелі тәуекелдерден қорғау үшін активтер, бухгалтерлік кітаптар мен банк жазбаларының сақталуын қамтамасыз ету үшін банктің үстінен бақылау орнату», -деп түсіндіреді банктегілер.

Көп жылдан бері «Кыргызпромстройбанк» қожайындарының бірі парламенттің экс-депутаты Мұратбек Мұқашев болып табылады. Директорлар кеңесінде көптеген танымал адамдардың фамилиясы бар. Мәселен, директорлар кеңесінің төрағасы — Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы төрағасы Таштемир Айтбаев болып табылады. Осы орайда еске салсақ, Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев оны түрлі дау-дамайлар, соның ішінде саяси даулардан болып оны отставкаға жіберген. Кеңес басшылығының құрамында Мұратбек Мұқашевтың туған бауыры мен Таштемир Айтбаевтың ұлы бар.

1$ — 35 сом.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті