Байқоңырда "Экспресс-АМ33" жер серігін жер орбитасына шығаруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Экспресс-АМ33" жер серігін жер орбитасына шығаруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйылды

Байқоңырда "Экспресс-АМ33" жер серігін жер орбитасына шығаруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйылды

Байқоңыр. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда сенбі күні "Экспресс-АМ33" жер серігін жер орбитасына шығаруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйылды, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 14 Қаңтар 2008
  • 434
Фото - Caravan.kz

Ғарыш айлағында 2008 жылғы бірінші ғарыштық ұшырылымға дайындық жалғасуда. №31 алаңның жанармай құю станциясында М. Хруничев атындағы орталық пен Ауыр химиялық машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросының мамандары «Бриз-М» үдеткіш блогының жоғары қысымды бактарына жанармай толтырып аяқтады. Сенбі күні сөйтіп «Бриз-М» үдеткіш блогы 92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусына тасымалданды, онда үдеткіш блок «Экспресс-АМ33» ғарыштық аппаратымен түйістіріледі.

Осымен біруақытта 92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусында «Экспресс-АМ33» байланыс жер серігін ұшыруға арналған «Протон-М» зымыран тасығышының пневмовакуумдық сынақтары өткізілуде. Сондай-ақ, ұшырылым кешені мен жер үсті жабдықтары да дайындалу үстінде.

Ғарыш айлағының №31 алаңының монтаж-сынақ корпусында М. Решетнев атындағы ғылыми-өндірістік білестігінің мамандары, «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығы мен «Вымпел» тәжірибелік-конструкторлық бюросының мамандары «Экспресс-АМ33» ғарыштық аппаратына күн батареяларын орнату жұмыстарын жүргізуде.

«Экспресс-АМ33» ғарыш аппаратын Железногорск қаласындағы М. Решетнев атындағы ғылыми-өндірістік білестігінің мамандары Францияның Thales Alenia Space фирмасымен бірлесе жасаған. Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс. «Экспресс-АМ33» байланыс, телерадио хабарларын тарату, мәліметтер беру, жылжымалы үкіметтік және президенттік байланысты қамтамасыз етуге арналған.

Бұл аппарат орбитада 2006 жылғы наурызда «ғарыштық қоқыспен» соқтығысу салдарынан апатқа ұшыраған «Экспресс-АМ11» геостационарлық жер серігін алмастыруға тиіс.

«Экспресс-АМ33» ғарыштық аппараты «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен 28 қаңтарда Астана уақытымен 6 сағат 19 минутта ұшырылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті