2007 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экологиялық тұрақтылық рейтингінде 65 орынға ие болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экологиялық тұрақтылық рейтингінде 65 орынға ие болуы мүмкін

2007 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экологиялық тұрақтылық рейтингінде 65 орынға ие болуы мүмкін

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы экологиялық тұрақтылық рейтингінде 65 орынға ие болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде осы мекеменің басшысы Нұрлан Ысқақов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Қаңтар 2008
  • 828
Фото - Caravan.kz

«Біздің болжамымызға сәйкес, 2007 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экологиялық тұрақтылық рейтингінде 65 орынға ие болуы мүмкін (ал осыдан бір жыл бұрын біз 70-ші орында едік)», -деді Н. Ысқақов.

Оның айтуынша, 2007 жылдың қорытындысы бойынша экология саласындағы мақсатты көрсеткіштерге жету нәтижесі мынадай болмақ: бірлік Жалпы ішкі өнімге шаққанда атмосфералық ауаға тасталатын эмиссиялар 8%-ға азаяды, ал су нысандарына жіберілетін эмиссиялар — 7%-ға азаймақ, бұл үкіметтің орта мерзімді бағдарламасында белгіленген параметрлерге сай келеді.

«Бір жылда орналастырылған қалдықтар көлемі 3%-ға азайды, бұл мақсатты көрсеткіштерге сай», — деді министр.

Н. Ысқақовтың айтуынша, «энергия тұтыну құрылымында орны толтырылатын қуат көздерінің үлесі бұрынғы деңгейде қалды».

«Біз бұл көрсеткіш 2008 жылы орны толтырылатын қуат көздері жөніндегі стратегия шыққаннан кейін түбегейлі өзгереді деп ойлаймыз», — деді Н. Ысқақов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті