ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі еліміздегі экологиялық проблемаларды шешуге қажетті басымдық берілген инвестициялық жобалардың тізімін жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі еліміздегі экологиялық проблемаларды шешуге қажетті басымдық берілген инвестициялық жобалардың тізімін жасады

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі еліміздегі экологиялық проблемаларды шешуге қажетті басымдық берілген инвестициялық жобалардың тізімін жасады

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі еліміздегі экологиялық проблемаларды шешуге қажетті, жалпы құны 30 млрд теңгені құрайтын басымдық берілген инвестициялық жобалардың тізімін жасады. Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде осы мекеменің басшысы Нұрлан Ысқақов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Қаңтар 2008
  • 658
Фото - Caravan.kz

«Жалпы құны 30 млрд теңгені құрайтын басымдық берілген инвестициялық жобалардың тізімі жасалды. Соған сәйкес, келісі жылы Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Өскемен, Семей, Балхаш, Орал және Тараз қалаларында кәріздік тазарту құрылғылары салына бастайды», -деді Н.Ысқақов.

Оның айтуынша, өткен жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет тарихи ластану көздерін жою жұмыстары қолға алынды. «Дария-У полигонынна 1000 конденсатордан тұратын бірінші партия ұшақпен Германияға өңдеуге жіберілді. «KEGOC»АҚ да өз бастамасымен ластанған конденсаторларды жоя бастады»,- деді министр.

Сонымен бірге, оның айтуынша, Ақтөбеде АҚШ-тың CDM компаниясының қатысуымен жер асты суларын 6 валентті хромнан тазартудың тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтары табысты өткізілді. «Ағымдағы жылы Ақтөбеде жер асты суларын 6 валентті хромнан толық тазарту мен Шымкенттегі топырақ қабатын қорғасыннан тазарту жобасы үш жылдық бюджетке енгізіледі «, -деді мекеме басшысы.

Бұған қоса, Н. Ысқақовтың айтуынша, 2008 жылы Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, соның ішінде қатты күкірт қалдықтарын басқару жөніндегі ұлттық орталық құрылады.

«Семей ядролық сынақ полигонының жерлерін пайдалану шараларының жобасын жасау жоспарлануда», — деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті