Агенттіктің ақпаратына сүйенсек, Біріккен Араб Әмірліктерінің кәсіпкерлері TS-1 маркасындағы авиакеросин және А-92 маркасындағы автожанармай сатып алған. Австриялық бизнесмендер мұнай коксын алған. Ұлыбритания саудагерлері полипропилен мен дизельдік отын алған. Түркиялық сатып алушылар да дизельдік отын алса, АҚШ кәсіпкерлері сұйылтылған газ алған.
Барлық мұнай өнімдері Түркіменбашы мұнай өңдеу зауытында дайындалған.
Мұнай өнімдерінен басқа шетел валютасына мақта-мата өнімдері кеңінен сатылып алынды. Сатып алған елдер: Швейцария, Ресей мен АҚШ.
Депозиттік манатқа Пәкістан, Қазақстан, Чехия, Ауғанстан, Үндістан, Украина, АҚШ, Қырғызстан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Сейшель аралдарының кәсіпкерлері қатты мата, мақта-мата жібін, қаракөл жүнін, мақта майын сатып алған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті