Қазақстан премьер-министрі экологиялық салықты енгізу мәселелері бойынша жұмыс тобын құруды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан премьер-министрі экологиялық салықты енгізу мәселелері бойынша жұмыс тобын құруды тапсырды

Қазақстан премьер-министрі экологиялық салықты енгізу мәселелері бойынша жұмыс тобын құруды тапсырды

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов экологиялық салықтарды енгізу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құруды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Қаңтар 2008
  • 541
Фото - Caravan.kz

«Мен экологиялық салықтарды енгізу мәселелері бойынша жұмыс тобын құруды және оған инвесторлар өкілдері мен халықаралық сарапшыларды енгізуді тапсырамын», -деді Кәрім Мәсімов. Премьердің пікірінше, бұл жеке құжат бола ма, әлде, қолданыстағы Салық кодексіне түзету түрінде қабылдана ма, осы мәселені айқындау қажет.

«Біз бұл мәселені жан-жақты зерттеп, халықаралық тәжірибені дәйектеуге тиіспіз», — деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті