«Сізге ҚР СІМ-мен бірлесе отырып еліміздің ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығының экологиялық блогына қатысты ұсыныстар дайындауды тапсырамын», -деді Кәрім Мәсімов ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовқа қаратып айтқан сөзінде.
Премьер Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасайтынын еске салды. «Экологиялық мәселелер мен қоршаған ортаны қорғау бүгінгі таңда осы ұйымның басты басымдықтарының бірі деп жарияланған», — деді Кәрім Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті