«Мемлекет басшысы барлық заң жобалары экологиялық сараптамадан өткізілсін деген нақты тапсырма берді. Меніңше, үкіметтің кейбір қаулыларының жобасына қатысты да осындай процедура жүргізу мәселесін қарастыру қажет. Ол түрлі шешім қабылдау барысында біздің экологиялық мәселені де қарастыруымызға мүмкіндік береді», — деді Кәрім Мәсімов.
Премьердің атап көрсетуінше, «жалпы экологиялық сараптама жүйесін жетілдіру қажет». Оның атап көрсетуінше, «дүниежүзінде бұл мәселелер аутсорсинг принциптерінің негізінде, басқаша айтқанда, өзге салалардың мамандарын да кеңінен тарту арқылы жүзеге асырылады».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті