«Экологиялық кодекске табиғат қорғау заңнамасын біркелкі әрі дұрыс түсінуге көмектесетін Экологиялық кодекске түсініктеменің жобасын жасау қажет», — деді Кәрім Мәсімов.
«Бұған қоса, қоршаған ортаның сапасына қатысты норматив белгілеуге қатысты көзқарастарды қайта қарау қажет. Көптеген нормативтер ескірген және қазіргі жағдаймен халықаралық стандарттарға сай келмейді», — деді ол.
«Сіздің министрлікке Денсаулық сақтау және Индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп, осындай нормативтердің санағын толық жүргізіп шығуды, оларды халықаралық нормативтерге үйлестіру жөнінде ұсыныстар жасауды тапсырамын», -деді үкімет басшысы. «Бұл біз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткелі отырған қазіргі сәтте айрықша қажетті», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті