ТЖМ мәліметінше, 4 маусымда 19 сағат 07 минутта Ақтөбе — Астрахань (25 шақырым) тас жолында «Форд» және «Фольксваген» көліктері соқтығысты. Апат салдарынан «Форд» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. «Фольксваген» жүргізушісі мен оның үш жолаушысы, соның ішінде 9 жасар бала мен 16 жасар қыз ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті