Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас жігіт ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен жол полициясы басқармасының бірлескен шұғыл-профилактикалық шараларының барысында қамауға алынған.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, автоинспекторлар жүргізушіге құжаттарын тексеру үшін тоқтауға бұйырған. Алайда, жүргізуші бұл талаптарды орындамаған. Кейін ол Павлодар — Екібастұз тас жолының 13-шақырымында тұтқындалған. 24 жастағы ер адам көлікті құжатсыз басқарғаны мәлім болды.
«Жол полициясының қызметкерлері оған әкімшілік хаттама толтырмауы үшін ол 3 мың теңге көлеміндегі пара ұсынған», — деді баспасөз қызметінің өкілдері. Бұл ретте осы әрекеттің бейнетаспаға жазылып алынғаны атап көрсетілді.
Полиция департаментінен хабарлағандай, заң бұзушыға қатысты ҚР ҚК 312 бабының 1 тармағы (Пара беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілген.
Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір айдай уақыт бұрын жол полициясының екі қызметкері пара алып ұсталған болатын. Жол инспекторлары жүргізушіден көліктің түсі техникалық төлқұжаттағы мәліметтерге сәйкес келмегеніне бола жауапкершілікке тартпау үшін ақша талап еткен. ЖПБ қызметкерлерін қаржы полициясының қызметкерлері 6 мың теңге пара алу үстінде қолға түсірген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті