Тәжікстанның Соғды қаласында дәрігерден героин табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанның Соғды қаласында дәрігерден героин табылды

Тәжікстанның Соғды қаласында дәрігерден героин табылды

Душанбе. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Соғды қаласының құқық қорғау қызметінің қызметкерлері Бободжонгафур ауданының орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасарының үйінен 13 кг-нан астам героин тапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 5 Маусым 2008
  • 436
Фото - Caravan.kz

«2 маусым күні жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Бободжонгафур ауданының орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Абдурозик Каххоровтың үйін тінту кезінде бір автомобиль дөңгелегі табылды. Оның ішінен ақ түсті ерекше иісі бар ұнтақ заты бар 14 түйіншек табылды», — деп атап көрсетті ақпарат көзінің хабарламасында.

Зертханалық зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, анықталған зат салмағы 13 кг 628 граммды құрайтын героин болып шықты.

Аталмыш оқиға бойынша Тәжікстан Республикасының ҚК 200 бабы (сату мақсатында есірткі заттарын заңсыз тасымалдау) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті