56 жастағы ер адамды бүгін 05 саған 30 минутта Лебяжье өткізу бақылау бекетінде облыс орталығына кіре берісте жол полициясының қызметкерлері ұстады.
Автоинспекторлар жүргізушіні құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан, алайда ол тоқтамай өтіп кеткен. Ұстау барысында «Фольксваген» көлігінің жүксалғышынан жарылғыш зат аммониттің 2 қабы табылды.
Павлодар Оңтүстік ІІБ оперативтік-криминалистік бөлімінің бастығы Нұрлан Ордабаевтың хабарлауынша, жарылғыш заттың бұл партиясы аса ірі, ол бірнеше көп қабатты қиратуға жетеді.
Қатерлі жүкті әкеле жатқан адам Ақсу қаласының тұрғыны болып шықты, ол «Майқайыңалтын» комбинатында кен қазушы болып істеген. Ол затты Шығыс Қазақстан облысының біл белгісіз адамынан сатып алып, Ақмола облысына сату үшін апара жатқанын айтқан.
Бұл дерек бойынша тергеу жүргізулуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті