Қазақстанның мақташылар қауымдастығы мақташылар үшін мемлекеттік субсидиялардың түрін өзгертуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның мақташылар қауымдастығы мақташылар үшін мемлекеттік субсидиялардың түрін өзгертуді ұсынады

Қазақстанның мақташылар қауымдастығы мақташылар үшін мемлекеттік субсидиялардың түрін өзгертуді ұсынады

Шымкент. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның мақташылар қауымдастығы мақташылар үшін мемлекеттік субсидиялардың түрін өзгертуді, субсидияларды су пайдалануға арналған дотация, жанар-жағармай, тыңайтқыш тағы басқа деп бөлшектеп жібермей, мақташылардың қолына толық беруді ұсынады. Бұл туралы қауымдастық төрағасы Сайын Бақтыбаев инвестициялық қазақ-түрік бизнес-форумында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Маусым 2008
  • 574
Фото - Caravan.kz

«Мақта егуде бірлік алаңға жұмсалатын шығындар жылдан жылға өсе түсуде, соған сай шығымдылық та азайып келеді. Кейінгі он жылда шикі мақтаның шығымдылығы бір гектардан 27 центнерден 22-ге дейін кеміді», — деді С. Бақтыбаев.

«Біздің бағалауымызша, бес жыл ішінде бір гектарға 20 мың теңгені құрайтын төлем шығымдылықты бір гектардан 5 — 7 центнерге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, сол арқылы мақта өсіру саласындағы жағдайды жақсартуға болады», -деді ол.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта егілетін 7 ауданда оған арналатын егістік алқабының аумағы жыл сайын 200 мың гектарды құрайды. «Алайда, ағымдағы жылы судың тапшылығынан егіс алқаптары 150 — 160 мың гектар шамасында болмақ», — деді С. Бақтыбаев.

Статистикалық мәліметтерге сай, Оңтүстік Қазақстан облысында 2005 — 2007 жылдарда жиналған жалпы мақта көлемі 435 — 460 мың тоннаны құрады.

2006 жылы 183,4 мың тонна, 2007 жылы 144,1 мың тонна мақта талшығы экспортқа шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті