Атап айтқанда, президентке болашақта полиэтилен және полипропилен өндіретін мұнай химиялық интеграцияланған кешенінің пішімі көрсетілді. Сонымен бірге, елбасы «Аджип ККО» компаниясының «Болашақ» зауытының құрылыс жобасымен танысты. Ол зауытты 2011 жылы іске қосу жоспарланып отыр.
Анықтама материалдарында көрсетілгендей, жобаның жалпы құны 3,5 млрд АҚШ долларын құрайды, ал зауыт қуаты жылына 23 млн тонна өнім шығаруға жетеді. «Аталмыш қондырғы мұнай мен газдың толық өндірісін жүргізуге мүмкіндік береді. Мұнайды өңдеу жүйесі мұнайдың сусыздануы мен тұрақтануын, меркаптанның жойылуын, Қашаған кен орнын тәжірибелік-өндірістік өңдеу сатысында көміртегілерді сақтау және экспортқа шығаруды қамтиды», — деп баяндалған анықтама материалдарында.
Н. Назарбаев «Аджип ККО» компаниясының Каспий теңізіндегі «жасанды арал» жобасымен танысты. «D аралы» жасанды аралдар мен мұздан қорғау бөгендерінен тұратын алғашқы эксплуатациялық технологиялық кешен болады және Қашағанды игерудің бірінші сатысында теңіз нысандарын біріктіруге мүмкіндік береді», — деп түсіндірді компания өкілдері. Олардың айтуынша, жасанды аралдар өзара құбырлар жүйесі арқылы жалғасатын болады.
Мемлекет басшысына сондай-ақ, «Аджип ККО» компаниясының Атырау қаласындағы жаңа кеңсесі мен тұрғын үй кешенінің пішімі көрсетілді. Ол 2010 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, көрмеде «Нұрсая» ықшамауданының, облыс орталығының егжей-тегжейлі талданған жоспарламасы, Атырауда 2010 жылы ашылайын деп отырған мұнай-газ саласының мамандарын дайындайтын оқу орталығының пішімі және «Ривьера», «Атырау Ситицентр» көп функциялы тұрғын үй және іскерлік — қонақ үй орталықтарының жобалары таныстырылды. Көрмеде сонымен бірге Атыраудағы облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығы да көрсетілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті