Келесі жылы Теңіз кенішінде мұнай өндіру көлемі 25 млн тоннаға дейін жетеді - Назарбаев (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келесі жылы Теңіз кенішінде мұнай өндіру көлемі 25 млн тоннаға дейін жетеді - Назарбаев (толық нұсқасы)

Келесі жылы Теңіз кенішінде мұнай өндіру көлемі 25 млн тоннаға дейін жетеді - Назарбаев (толық нұсқасы)

Атырау. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін " - Келесі жылы Теңіз кенішінде мұнай өндіру көлемі 25 млн тоннаға дейін жетеді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Теңіздегі қуаттылықты ұлғайту жобаларын пайдалануға беру рәсімінің барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Маусым 2008
  • 881
Фото - Caravan.kz

«Жаңа жобалардың арқасында, қуаттылықты арттырудың арқасында мұнай өндіру көлемі 5 млн тоннаға дейін ұлғайтылып, келесі жылы 25 млн тоннаға дейін жетеді», — деді Н. Назарбаев.

«Теңізшевройл» — кейінгі жылдары тұтастай алғанда миллиард баррель өнім өндіру көрсеткішіне қол жеткізген дүниежүзіндегі жалғыз компания шығар», — деді ол. Президенттің атап көрсеткеніндей, Теңіздегі жаңа өндірістердің арқасында компания мұнаймен бірге «сатылатын тауарлық газ да, мұнайхимиялық кешенде пайдаланылатын газ да шығара алады».

Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясының Қазақстан экономикасына қосқан үлесіне жоғары баға берді. «Мыңдаған жас Қазақстандық мамандар, инженерлер мен жұмысшылар дайындалды. Кенішті игерген мерзімде ТШО мұнда $20 млрд астам қаржы жұмсады, тағы 21 млрд долларды салық және роялти түрінде мемлекеттік бюджетке төледі. Аса белсенді әрі салмақты ынтымақтастық орнады. Атырау мен облыстың ел экономикасына қосатын үлесі жыл өткен сайын арта түсуде», — деді президент.

«Шеврон» компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, өндіріс қуатын арттыру жобаларының аясында шикі газды айдау жобасы мен екінші буын зауыты пайдалануға беріледі.

«Шикі газды айдау мұнай өнімділігін арттыру үшін газды аса жоғары қысым астында кері пластқа айдауды , ал екінші буын зауыты табиғи газды кері айтау үшін сепарациялауды, сондай-ақ, шикі мұнайды тұрақтандыру мен күкіртті ажыратуды жүзеге асырады. Сондай-ақ, қышқылды газды газ өңдеу өнімдеріне және элемент түріндегі күкіртке бөлу атқарылады», -деп нақтыланған баспасөз баянында.

«Бұл жоба қауіпсіздік техникасы бойынша ең таңдаулы әлемдік көрсеткіштер деңгейінде жүзеге асырылды. Осы жобаның аясында Қазақстанда өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алуға рекордтық ақша — 2 млрд доллар жұмсалды», -деп баспасөз қызметі «Шеврон» компаниясының еуразиялық бөлімшесінің атқарушы директоры Джей Джонсонның сөздәйегін келтіреді.

Компания мәліметінше, қосымша нысандарды пайдалануға беру жобасы Теңіздегі тәуліктік өнім өндіру көлемін 540 мың баррель мұнайға жеткізу мақсатына сай жасалған. «Екінші буын зауыты нысандарын іске қосуды ағымдағы жылдың екінші жартысында аяқтау жоспарлануда», — делінген баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті