Қытай мен Гонконгтың домендері Интернеттегі ең қауіпті домендер деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай мен Гонконгтың домендері Интернеттегі ең қауіпті домендер деп танылды

Қытай мен Гонконгтың домендері Интернеттегі ең қауіпті домендер деп танылды

Алматы. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Гонконгтың домені (".hk") компьютер қауіпсіздігі тұрғысынан алып қарағанда ең қауіпті деп танылды. McAfee компаниясының антивирустық зерттеуінде осындай тұжырым жасалған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Chinanews.Ru-ға сілтеме жасай отырып.

  • 5 Маусым 2008
  • 591
Фото - Caravan.kz

Оның мәліметтеріне сүйенсек, «.hk» аймағындағы ресурстардың 19,2% пайдаланушы компьютеріне қандай да бір қауіп төндіріп тұрады екен. Ал екінші орында Қытайдың «.cn» деп танылды. Ондағы сайттардың 11,8 пайызы қауіпті болып есептелді. Бұл жерде айта кетер жайт, бұл сайттардың серверлерінің Қытайда болуы міндетті емес.

Олардан кейінгі орында «.info» халықаралық домендік зонасы орналасқан. Ондағы қауіпті топқа сайттардың 11,7 пайызы жатқызылған. Оларда зиянды бағдарламалар, вирустар, өзінен-өзі шығатын терезелер (всплывающие окна), т.с.с. болуы мүмкін.

Ал әлемдегі ең әйгілі домен «.com»-ға келер болсақ, компания сарапшылары осы типтес сайттардың 5 пайызын қауіпті деп таныды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті