Павлодар облысында 88% бидай танабы себілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында 88% бидай танабы себілді

Павлодар облысында 88% бидай танабы себілді

Павлодар. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында 88% бидай атызы себіліп, егістік жұмыстары кестеге сәйкес өткізілуде. Бұл туралы агенттік тілшісіне өңірлік ауылшаруашылық департаментінде хабарлады.

  • 5 Маусым 2008
  • 511
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі күні облыстық алқаптарда бидай танаптарының 88 пайызы себілді, кейбір аудандарда егістік жұмыстары аяқталды», — деп хабарлайды ведомствода.

Департаменттің мәліметінше, биылғы жылы аймақта 600 мың гектар жерге тұқым себіледі. Оның 474 мың гектарына бидай, 93 мың гектарға арпа, 20 мың гектарға сұлы, 8,8 мың алқабына тары және 30 мың гектарына құрақұмық тұқымы себіледі.

Биылғы жылы егістік алқап көлемі 870 мың гектарды құрап отыр. Оның 149 мыңы ылғалдықты сақтайтын заманауи технология бойынша дайындалды.

«Мемлекеттік қауіпсіздік азық- түлік бағдарламасын қамтамасыз ету үшін Ертіс өңірінде майлы дақылдарға жататын күнбағыс алқаптары 49 мың гектар жерге ұлғайтылды. Жоспарланған 98,1 мың гектардың орнына 147 мың гектар жерге күнбағыс отырғызылды» — деп хабарлады ауылшаруашылық департаментінде. Сонымен қатар, агрономдардың деректері бойынша биылғы көктемде картоп, көкөніс және көпжылдың шөп алқаптары кеңейтілді.

Дала жұмыстарына жоғары өндірістік 92 егу кешені пайдаланылды, аграрлықтар оның 17 -ін биылғы жылы сатып алды.Облыстық ауылшаруалық құрылымдардың жұмысын үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ету үшін оларға жеңілдетілген несиелер беріліп, литрі 63,5 теңге құнымен белгіленген дизельдік отынның 13 мың тоннасы «Павлодар мұнай-химиялық зауытынан» берілетін болады.

Департаментте атап өткеніндей аймақта сондай-ақ ауылшаруашылық дақылдарын зиянды жәндіктерден қорғау шаралары да жүргізілуде. Республикалық бюджеттен шегірткемен күресу үшін және өсімдіктердің ауруларына қарсы 21,6 млн теңге бөлінді, ал жергілікті бюджеттен 10,2 млн теңге қарастырылды.

Бүгінгі кезде топтасып жүрмейтін шегіртке түрлеріне қарсы 12 мың гектар жер өңделді. «Сонымен қатар, облыстық алқаптардың зақымдануын болдырмау үшін топтасып жүретін шегірткенің пайда болуы да ескеріліп, дайындық жұмыстары жүргізілуде «, -деп түсіндірді ауылшаруашылық департаментінде.

Мұнда хабарлағанындай болашақ астықты сақтандыру үшін өңірде үш ірі сақтандыру компаниясы ашылып жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті