Бүгінгі күні энтеровирус күдігімен ауруханаға жатқызылған 16 баланың 12 үйлеріне жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгінгі күні энтеровирус күдігімен ауруханаға жатқызылған 16 баланың 12 үйлеріне жіберілді

Бүгінгі күні энтеровирус күдігімен ауруханаға жатқызылған 16 баланың 12 үйлеріне жіберілді

Астана. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" -Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысында энтеровирус жұқпалы індетіне шалдықты деген күдікпен ауруханаға жатқызылған 16 баланың 12-сі үйлеріне жіберілді, олардың ахуалы қанағаттанарлық, деп хабарлайды агенттік ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 5 Маусым 2008
  • 357
Фото - Caravan.kz

«Қалған төрт баланың жағдайы да тұрақты, жуырда олар ауруханадан шығарылады. 2008 жылдың 30 мамырынан кейін дерт ошағында энтеровирус індетіне шалдықты деген күдікпен ауруханаға түскен ешкім жоқ «, — делінегн баспасөз хатында.

«Алматы қаласының ұлттық референс- зертханасына зерттеулерді жасауға жіберілген аурулардың материалдары бойынша қорытындылар әлі дайын емес «, — деп атап өтілген хабарламада.

Жаңа ауруларды болдырмау үшін індет тараған жерде эпидемиологиялық жағдайларға қарсы кешенді шаралар жасалуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті