Жапониядан Өскеменге жұмыс сапарымен делегация келді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапониядан Өскеменге жұмыс сапарымен делегация келді

Жапониядан Өскеменге жұмыс сапарымен делегация келді

Өскемен. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жапониядан Өскеменге жұмыс сапарымен делегация келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Маусым 2008
  • 503
Фото - Caravan.kz

«Дүниежүзіне танымал жапон компанияларының өкілдерінің сапары нанотехнология және материалдарды басқару саласы бойынша Шығыс Қазақстан кәсіпорындарымен ұзақ мерзімдік ынтымақтасту ниетінен туындаған», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

ШҚО әкімдігі микроскоп жасау бойынша атағы шыққан JEOL және Interactive Corporation компаниясының өкілдері «Алтай» өңірлік ғылыми-технологиялық паркін аралап, ШҚО әкімі Әділғазы Бергеновпен және облыстың ірі өндірістік кәсіпорындарының басшыларымен кездескен.

«Біз жаңа технологияларды зерттеумен және іздеумен айналысамыз. Көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда да, біздің тапқан өнер туындыларымыз пайдаланылады. Біздің Шығыс Қазақстанмен ынтымақтастығымыз пайдалы болып, ғылымның дамуына серпін беретініне сенімдіміз», — деді кездесу барысында Interactive Corporation компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шичиро Миура.

Халықаралық ынтымақтастықтың келесі кезеңі — Өскеменде маусымның 24-25 күндері Ресей — Жапония — Қазақстан ғылыми конференциясын өткізу болмақ. Конференция аясында «Наноиндустрия: құрал — технология — өнім» атты көрме ұйымдастырылады. Жетекші жапон мамандары нанотехнология, электронды микроскопия және микроталдау бойынша мастер-класс өткізеді. «Қазіргі таңда оның жұмысына қатысу жайында Жапония, Германия, Оңтүстік Корея, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан елдерінің жетекші ғалымдары мен бизнесінің өкілдері тілек білдірді», — деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті