Елбасы "БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын мигранттарды құрғақпен, теңізбен және әуемен заңсыз енгізуге қарсы хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуі туралы" заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы "БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын мигранттарды құрғақпен, теңізбен және әуемен заңсыз енгізуге қарсы хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуі туралы" заңға қол қойды

Елбасы "БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын мигранттарды құрғақпен, теңізбен және әуемен заңсыз енгізуге қарсы хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуі туралы" заңға қол қойды

Астана. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ конвенциясын толықтыратын бірқатар хаттамаларды бекітуді мақұлдады. Атап айтсақ, "БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын мигранттарды құрғақпен, теңізбен және әуемен заңсыз енгізуге қарсы хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуі туралы" заңға қол қойды.

  • 6 Маусым 2008
  • 488
Фото - Caravan.kz

Бұл хаттамада мигранттарды заңсыз енгізуге қарсы шаралар мен хаттамаға қатысушы мемлекеттер арасында қылмыстық топтар, адамдарды жасырын тасымалдау әдістері мен құралдары туралы өзара ақпарат алмасу жайы қарастырылған.

Сондай-ақ, Елбасы » БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын қару-жарақты, оның құрамды бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ, олардың оқ-дәрісін заңсыз жасауға қарсы хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуі туралы» заңға қол қойды.

«Бұл хаттама қару-жарақты заңсыз жасауға және оның айналымының алдын алу, трансұлттық сипаттағы, ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысуымен жасалған қылмыстарды тектеп тексеру үшін қолданылады».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті