Осы қалалардан кейін Д. Медведевтің бағыты Астана арқылы өтетінін ескерсек, ол «Газпром» жобасы болып табылатын Каспий маңы газ құбырымен бәсекелес Транскаспий газ құбырының болу-болмауын шешетін астаналардың барлығына барады. Бұл Ресей сарапшыларының пайымдауынша, «Газпромның» бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы жағдайды өз орындарында шешуді көздеп отырғанының айқын дәлелі екендігін білдіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті