Темір жол өкілі ешқандай тыйым салынбағанын, ал вагондарды жөнелтудің кешігуі техникалық мәселелерге байланысты екендігін айтты. Алайда маусымның бесінде бізге басқаша айтқан болатын. Және біздің қауымдастығымыздың мүшелерінің бірі телефонограмманың мәтінін жазып алған. Оған сүйенсек, бізге экспортқа тыйым салған. Алайда, қазір дегенмен жөнелтіле бастады», — деп хабарлады Р. Нығмаділова.
«Қазір «Алтын дәннің» 5 вагоны, Grein House-дың 2 вагонын жөнелттік. Ал енді кейбіреулерінің вагондары орындарында тұр. Қазіргі уақытта кәсіпорын басшылары жағдайдың мән-жайына қанық болу үшін оқиға орындарына кетті. Бізді ешқандай тыйым жоқ деп сендіргілері келсе де, кәсіпкерлер тежеуді сезіп отыр», — деп хабарлады Р. Нығмаділова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті