«Новгородская көшесінде «Мерседес — Бенц» көлігінің жанында тұрған жол полициясының қызметкері көзге түскен. Ер адам көліктерді тексеруге тоқтатып тұрған. Оның екі сыбайласы көлікте отырған», -дейді полицияподполковнигі Александр Васильев.
Олардың жол полициясы басқармасына ешбір қатысы жоқтығы анықталды. Сондай-ақ, «Мерседес» көлігін бірнеше күн бұрын әлгі ұсталған үш адам автослесарь болып істейтін шеберханаға жөндеуге қалдырғаны белгілі болды.
Бұл деректер бойынша жиналған материалдар Жетісу аудандық ІІБ-ына тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті