ШЫҰ елдерінің мәдениет министрлері Шолпан Атада "алтылық" елдерінің мәдени ықпалдастығы жайлы талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ елдерінің мәдениет министрлері Шолпан Атада "алтылық" елдерінің мәдени ықпалдастығы жайлы талқылайды

ШЫҰ елдерінің мәдениет министрлері Шолпан Атада "алтылық" елдерінің мәдени ықпалдастығы жайлы талқылайды

Душанбе. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасындағы 2008-2011 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру жоспары ұйымға мүше елдердің мәдениет министрлерінің 23-26 маусымда Қырғызстанда өтетін Ү кеңесі барысында бекітіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 9 Маусым 2008
  • 660
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан мәдениет министрлігінің хабарлауынша, кеңес барысында Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі 2008-2009 жылдардағы мәдени ықпалдастық мәселелері жөніндегі сарапшылық топтың жұмыс жоспары мен ұйымға мүше елдердің өнер фестивалін өткізу тәртібі туралы ережені қарау жоспарланған.

Шараға Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қырғызстанның мәдениет және ақпарат министрі Султан Раев, Қытайдың мәдениет министрі У Цай, Ресейдің мәдениет министрі Александр Авдеев, Өзбекстан Республикасының мәдениет және спорт істері жөніндегі министрі Рустам Курбанов, Тәжікстан мәдениет министрі Мирзошохрух Асрори қатысады.

Кеңес аясында Шолпан Ата қаласындағы Ыстықкөл мемлекеттік мәдени-тарихи қорығының көрме залында декоративтік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті