«Пекинде 12 маусымда Қазақстан сыртқы істер вице-министрі Нұрлан Ермекбаев пен ҚХР сыртқы істер министрінің көмекшісі Ли Хуэйдің төрағалығымен ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Қытай комитетінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 4-ші отырысы өтеді «, — деді Е. Ашықбаев.
Оның айтуынша, «қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеті ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан -Қытай комитетінің құрылымындағы он салалық кіші комитеттің бірі болып табылады». «Оның басты іс-қызметі — қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде, лаңкестік, экстремизм және сепаратизмге қарсы ықпалдастық, арнаулы қызметтер арасындағы ынтымақтастық, екі елдің әскери және құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты үйлестіруге саяды», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті