Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай бағасы отын экспортына тыйым салынғаннан кейін іс жүзінде азайған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай бағасы отын экспортына тыйым салынғаннан кейін іс жүзінде азайған жоқ

Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай бағасы отын экспортына тыйым салынғаннан кейін іс жүзінде азайған жоқ

Шымкент. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай бағасы отын экспортына тыйым салынғаннан кейін іс жүзінде азайған жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Маусым 2008
  • 377
Фото - Caravan.kz

Шымкенттегі жанармай тарату бекеттеріндегі бағаның шамалы ғана арзандауы мамырдың аяғында байқалған. Ол кезде АИ-96 жанармайының бағасы 98 — 100 теңгеден 96-97 теңгеге дейін, АИ-92 — 90 теңгеден 88 теңгеге дейін, АИ-80 — 78 теңгеден 74 теңгеге дейін арзандаған. Дизельдік отын бағасы өткен аптада небәрі бір теңгеге арзандады.

«Қазір біз квота бойынша жанар-жағармайды бұрынғы көлемде және сол бағаға алып жатырмыз. Жалғыз айырмашылық сол, дизельдік отын пайда болды. Әзірге бағаның азаюына объективті себеп жоқ», — деді бекет қожайындарының бірі.

Шымкентте жанар-жағармай бағасы облыс аудандарына қарағанда төмен. Жүргізушілердің айтуынша, аудандық жанар-жағармай тарату бекеттерінде барлық жанармай түрлерінің бағасы облыс орталығындағыдан 2 — 5 теңгеге жоғары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті