«Біз жексенбі күні бұл мәселені Алматыда шағын және орта бизнес өкілдерімен талқылап, бүгін оны үкіметтің отырысында талқылауға уәде бердік, сол себепті сөзіміз бен ісіміз алшақ шықпау үшін мен оны дауысқа саламын», — деді үкімет басшысы.
«Үкімет басшысының кеңсесі оны бүгін менің қол қоюыма әкелсін, құжат ертеңнен бастап күшіне енуі керек», -деді Кәрім Мәсімов.
«Бұл қаулыға сәйкес, шағын бизнес іс жүзінде қосылған қуаттылық үшін төлемнен толық босатылса, орта бизнес 50 кВт дейінгі төлемнен босатылады», -деді үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті