«Төтенше жағдайлар министрлігі кейбір санаттағы нысандарды өрттерден міндетті сақтандыру жүйесін енгізу саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеуде. Бұл өрттерден міндетті сақтандыру жүйесін дамыту тұжырымдамасын ағымдағы жылы жасап үкіметке енгізуді көздейді», — деді В. Школьник.
«Яғни, өртке қарсы күрес қызметтерінің тексерулерін өрт шыққан жағдайда кәсіпкерлердің үшінші жақ алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыруға алмастыруға ниет бар», -деп түсіндірді ол.
«Бұл жүйені пайдалану шаруашылық субьектілерін өрт сөндірушілер тарапынан жаппай тексерулерден бас тартуға алып келеді», — деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті