Қырғызстанның СІМ Өзбекстаннан қырғыз милиционерлерін тұтқындау оқиғасына түсініктеме беруді өтінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның СІМ Өзбекстаннан қырғыз милиционерлерін тұтқындау оқиғасына түсініктеме беруді өтінеді

Қырғызстанның СІМ Өзбекстаннан қырғыз милиционерлерін тұтқындау оқиғасына түсініктеме беруді өтінеді

Бішкек. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Өзбекстанға өзбек аумағынан, атап айтқанда, Наманған облысының Чартак ауданында жолшыбай өтіп бара жатқан екі қырғыз милиционерін тұтқындаған оқиғаға түсініктеме беру өтінілген ресми өтініш жолдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның СІМ сілтеме жасай отырып.

  • 11 Маусым 2008
  • 378
Фото - Caravan.kz

Бұжан бұрын хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың 5 маусымы күні Өзбекстан аумағында екі қырғыз милиционері қамауға алынған. Келесі күні Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметі бұл тұтқындау оқиғасының 2 маусым күні кешқұрым орын алған Өзбекстан шекарашыларымен байланысты оқиғаға Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің жауап әрекеті деп есептеуге негіз бар екенін мәлімдеген еді. Ал мемлекеттік әкімшіліктің Наманған облыстық бірінші басшыларымен, Қасансай және Чартак аудандық ішкі істер органдары басшыларымен болған бірнеше телефон әңгімелерінде олар осы оқиғаға және «оң» шешім қабылдану мүмкіндігіне сілтеме жасаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті