«Тараптар Ақтөбе кәсіпкерлері үшін қолайлы жағдай жасау, атап айтқанда, шағын және орта бизнестің толық деңгейде дамуына кедергі келтіріп отырған әкімшілік кедергілерді жою жөнінде келісті», — деп атап көрсетті «Атамекен» кәсіпкерлер қауымдастығының өңірлік бөлімшесінің жетекшісі Есімхан Құрманғазин. Оның айтуынша, қазіргі таңда станцияларда пайда болатын проблемаларды айтпаған күннің өзінде вагондар сатып алу, жүк жөнелту бойынша көптеген мәселе қордаланып қалғаны құпия емес.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті