Мәжіліс әскери киім киіп жүруді реттейтін заңнама бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс әскери киім киіп жүруді реттейтін заңнама бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады

Мәжіліс әскери киім киіп жүруді реттейтін заңнама бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады

Астана. 11-маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Әскери киімді заңды және жеке тұлғалардың пайдалануын (киюін) шектеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша парламент палаталарының келісім комиссиясының шешімін мақұлдады, деп хабарладйы Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 11 Маусым 2008
  • 468
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, түзетулерге сәйкес, Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекс пен «Күзет қызметі туралы» заңға өзгерістер енгізіледі.

Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекске енгізілетін өзгерістер «әскери кімді, айыру белгілерін, мемлекеттік әскерилендірілген, құқық қорғаушы және бақылаушы органдардың нышан белгілерін заңсыз пайдаланушы заңды тұлғалар үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастырады.

Күзет қызметі туралы заңға «республика аумағында күзет іс-қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның өкілеттілігін нақтылайтын» түзетулер енгізіледі.

Сенаттың заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, сенаттың Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекске енгізген түзетулеріне сәйкес, мемлекеттік органдардың формалы киімдерінің түрлеріне жалпылама айқындайтын формулировканы нақтылау ұсынылған. Сонымен бірге, коммерциялық емес ұйымдардың күзет бөлімшелерінің әскери киімдерді, мемлекеттік органдардың арнаулы киімдері мен құралдарын арнаулы белгі және символикаларымен заңсыз киіп жүргені үшін жүктелетін жауапкершілік анықталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті