Шымкентте шифер зауытының жұмысы қайта жанданды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте шифер зауытының жұмысы қайта жанданды

Шымкентте шифер зауытының жұмысы қайта жанданды

Шымкент. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Кешеден бері "Асбоцемконструкция" АҚ (шифер зауыты) өнім шығаруы қайта жанданды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Асбоцемконструкция" АҚ директоры Нұрғали Турабаев хабарлады.

  • 11 Маусым 2008
  • 602
Фото - Caravan.kz

«Дүйсенбіден бастап біз «Шымкентцемент» АҚ цемент ала бастадық. Шикізат жеткізу төтенше жағдайдың салдарын жою мемлекеттік бағдарламасы аясында жүруде. Бұл бағдарламаға сәйкес, біз 141 мың бет шифер шығару үшін 2 мың тонна цемент аламыз», — деп хабарлады Н. Турабаев.

Шифер зауытының директорының айтуынша, облыстың тасқыннан зардап шеккен аудандарының үйлерін салуға арналған бұл тапсырысты кәсіпорын 15-16 күнде орындайды. Кәсіпорын толығымен жұмыс істеп тұруы үшін айына 6 мың тонна цемент қажет екен. «Асбоцемконструкция» АҚ кәсіпорынында 350 адам жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті