«Біз ондай көмек көрсетуге дайынбыз. Ал біздің қатысу процедурамыз елшілік, дипломатиялық миссия арқылы және әріқарай Вашингтондағы тиісті құрылымдар арқылы дәйектеледі. Қазақстан жағы өзінің әскери-теңіз күштерінің ауқымы қандай болады, флоттың ролі мен параметрлері қандай болатындығын айқындаған соң біз тиісті қолдау көрсете аламыз», -деді ол.
К. Косгриффтің айтуынша, «егер Қазақстан үкіметі мүлдем жаңа әскери кеме жасап шығаруға ниет білдірсе, онда АҚШ компаниялары ондай байқауға қатысуға қызығушылық танытады». АҚШ әскери-теңіз күштерінің өкілі Құрама Штаттары Қазақстанға өз иелігіндегі кемелер мен жабдықтарды бере алатынын жеткізді. «Бірақ, дегенмен, Қазақстан мейлі кемені жасап шығарсын, мейлі Еуропа, Ресей мен АҚШ-тан импорттау арқылы оларды жабдықтасын, кез-келген жағдайда АҚШ-тың флоты Қазақстанның әскери-теңіз флотын дамытуға пайдасы тиетіндей өз тәжірибесімен бөлісуге әрдайым дайын», — деді К. Косгрифф.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті