Оның айтуынша, Екінші Еуразиялық әйелдер саммитінде қазір бүкіл әлем бойынша жүргізіліп жатқан науқан ТМД елдері үшін ашылатын болады. «Бұл «Зорлық-зомбылықтан еркін өмір — біздің құқығымыз» деп аталатын UNIFEM науқаны. Оны UNIFEM-нің ерікті елшісі Николь Кидман басқарады. Бұл әйел кинода күрделі ішкі әлемі және өмірдегі драмалық жағдайлары бар көптеген ерекше әйелдердің бейнесін жасады», — деді Д. Сартбаева.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті