Еуропалық Одақ Каспий өңіріндегі энергетикалық дипломатияны жалғастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропалық Одақ Каспий өңіріндегі энергетикалық дипломатияны жалғастырды

Еуропалық Одақ Каспий өңіріндегі энергетикалық дипломатияны жалғастырды

Алматы. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Еуропалық Одақ Каспий өңіріндегі энергетикалық дипломатияны жалғастырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Neftegaz.RU ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 12 Маусым 2008
  • 477
Фото - Caravan.kz

Каспий іскерлік интеграциялық клубының отырысында Еуропалық Одақтың Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Алан Вадамстың мәлімдегеніндей, қазіргі уақытта Еуропалық Одақтың энергетика жөніндегі комиссары Андрис Пибалгс сапармен Түркіменстанда жүр. Осыдан кейін оның Бакуге сапары күтіліп отыр.

Еврокомиссардың мақсаты Түрікмен газының Әзербайжан арқылы Еуропаға тасымалын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте Еуропада Әзербайжан өзінің аумағы арқылы Қазақстан мен Түрікменстан энергия көздерінің тасымалдануына саналы түрде қарсылық білдіруде деген пікір қалыптасқан. Әзербайжан үкіметі транзиттік саясатының коммерциялық құрамдас бөлігін еврокомиссарға түсіндіру үшін біраз тер төгуге тура келеді, деп атап көрсетілген ақпарат көзінің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті