Алматының Медеу ауданында шағын және орта бизнестің 16 597 субъектісі тіркелген - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының Медеу ауданында шағын және орта бизнестің 16 597 субъектісі тіркелген

Алматының Медеу ауданында шағын және орта бизнестің 16 597 субъектісі тіркелген

Алматы. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматының Медеу ауданында ағымдағы жылдың 10 маусымдағы жағдайы бойынша шағын және орта бизнестің 16 597 субъектісі тіркелген, ол барлық салық төлеушілердің 9,4%-н құрайды, оның ішінде: 6 663 - заңды тұлға, 2 995 - жұмыс істеп тұр, 9 934 - жеке кәсіпкерлер, 8 455 - жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды агенттік тілшісі медеу аудандық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Маусым 2008
  • 420
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аудандағы барлық жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түсетін салық және басқа да төлемдер 17 166, 2 млн. теңгені құрайды, бұл бюджетке түсетін барлық жалпы салық көлемінің 22,5% тең.

«Бүгінгі күні шағын тіркелген кәсіпорындардың арасындағы ең үлкен үлес сауда кәсіпорындарына (дүкендерге) — 27,2%, қоғамдық тамақтандыруға — 15,5% және қызмет көрсету салаларына — 16,8%-дан келеді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті