Астанада ұлттық телевидение орталығы салынады - Құл-Мұхаммед - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ұлттық телевидение орталығы салынады - Құл-Мұхаммед

Астанада ұлттық телевидение орталығы салынады - Құл-Мұхаммед

Астана. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада ұлттық телевидение орталығы салынады. Бұл туралы бүгін министрлікте өткен алқа мәжілісінде еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Маусым 2008
  • 454
Фото - Caravan.kz

«Біз жүзеге асыратын басты жобалардың бірі — Астанада ұлттық телевидение орталығын құру. Ол үшін біз биыл техника-экономикалық негіздемесін жасауға қаржы сұрауымыз қажет болмақ. Келесі жылы жан-жақты жобалық-сметалық құжаттамасы дайын болуға тиіс», -деді министр.

Осы орайда М. Құл-Мұхаммед «Астанада жаңа телемұнарамен біруақытта орталық салу жобасын үкімет басшылығы принциптік тұрғыда мақұлдап отырғанын» жеткізді.

Министрдің нақтылауынша, орталықта » «Хабар», «Ел арна», «Қазақстан», спутниковой телепрограммы Caspionet» спутниктік телебағдарламалары секілді мемлекеттік телекомпаниялардың кеңселері орналасатын болады.

«Бұл мәселені шешпейінше, жетекші ақпараттық агенттік — «Хабар» мен «Қазақстан» ұлттық телеарнасы жұмыс істеуге қолайсыз және оған лайықталмаған орындарда жұмыс істеп отырғанда отандық телевидениенің бәсекелестік қабілетін көтеруге қол жеткізе алмаймыз», -деді М. Құл-Мұхаммед.

Министрдің айтуынша, кейінгі үш жылда ақпараттық саланы қаржыландыру көлемі шамамен 40%-ға өсіп, 12 млрд теңгеден асты.

Тұтастай алғанда, министрліктің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 8340 БАҚ тіркелген, олардың 2544-і жұмыс істеуде. Соның ішінде ел бойынша 215 электронды бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті